Фото: Pixabay

Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 25 қаңтарда болған. Ақпаратты «Отырар» басылымына облыстық полиция департаментінен растады.

Мақтаарал аудандық полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Түркістан облысының білім басқармасы іс жүзінде тексеру жүргізді. Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілеріне шынымен де бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Әзірше қандай сомалар туралы айтып отырғаны белгісіз.

Қазір Экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-баба 4-бөлiгi 2 ​​-тармағындағы «Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сай сотқа дейіңгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды, – делінген Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.

Білім басқармасының өзі қызметкері туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты, деп жазды басылым.

Сонымен қатар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім саласының есепшілері 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!