Бала ата-анасының қарауынсыз қалған.
Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
4 наурыз күні сағат 18.00-де Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған сәби суға түсуге жабдықталмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды», – делінген министрлік мәліметінде.
Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!