Түркістан облысында жол апаты салдарынан жеңіл көлік аялдамаға соғылды. Салдарынан екі даяшы мен көлік жүргізушілері зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бiр бағытта келе жатқан «BMW-525» маркалы автокөлігі мен «LADA GRANTA» соқтығысқан. Салдарынан “BMW-525″ көлiгiнiң жүргiзушiсi тізгінге ие бола алмай, жолдың оң жақ бетінде орналасқан аялдаманы соққан. Нәтижесінде аялдамада орналасқан тамақтану орнының 2 даяшысы мен көлік жүргізушілері Жетісай аудандық ауруханасында тексерістен өтті. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы.

“Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргiзуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Жол апатына қатысушы жүргізушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада.

Алдағы уақытта сараптама қорытындысымен кінәлі жүргізуші жауапқа тартылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласындағы Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған еді. Салдарынан бір ересек адам мен 3 оқушы зардап шекті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!