Фото: Лаззат Асанова
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» балалар жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар демалысы дұрыс ұйымдастырылмаған, деп хабарлайды KAZINFORM.
Видео авторларының айтуынша лагерлердегі санитардық жағдай сын көтермейді. Балаларға арнайы кереуеттер берілмеген. Сондықтан іші тар, арнай жиһазбен жабдықталмаған жерде жатуға мәжбүр болған. Терезелері орнатылмаған, жуынатын жер қарастырылмаған бөлмелерде тұрып келген. Балалардың заттарын қоюға арнайы шкафтарда қарастырылмаған. Әжетхананың да жағдайы сын көтермейді.
Аталған ақпаратқа қатысты ресми жауап берген Түркістан облысы білім басқармасы балалардың демалысын дұрыс ұйымдастырмаған аудандық білім бөлімінің басшысы мен жауаптыларға тиісті шара көрілетіндігін хабарлады.
«Аталған мәселені Түркістан облысы білім басқармасы назарға алды. Арнайы комиссия тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары нәтижесінде кемшіліктер анықталды. Бұл бойынша құзырлы органдарға ресми хат жолданды. Балалардың жол қауіпсіздігін бақылау мақсатында арнайы жол патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, жетекші мамандар алып барды. Қазіргі таңда «Бәйшешек» лагерінде 382 сарыағаштық оқушы демалуда. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға және видеоақпаратта көрсетілген жатын бөлмедегі орындар тәрбиешілерге тиесілі екендігі анықталды. Осы негізде басқарма тарапынан балалардың демалысын дұрыс ұйымдастырмаған аудандық білім бөлім басшысы мен жауаптыларға тиісті шара көрілетіндігін хабарлаймыз» – делінген басқарма тарапынан берілген ақпаратта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!