Тоқ 4-сынып оқушысының қолынан кіріп, аяғынан бір-ақ шыққан.

Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 10 жастағы бала тоққа түсіп, аяғынан айрылды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шанақ ауылының тұрғыны Бейбарыс жайылып жүрген есекті қуып шығу үшін қосалқы стансаға кірген екен. Сол сәтті электр стансасының қоршауын ұстағанда жоғары кернеулі тоқ соққан. Ол есін енді ғана жиған.

«Ойнап жүріп, есекті шығаруға бардық. Сосын шығып көрейін деп едім, ұстаған кезде тоқ ұрды. Сосын құлатты, біраз басымды айналдырды. Достарым қасыма келді, көтеріп, көлеңкеге жатқызды», – дейді Бейбарыс.

Тоқ 4-сынып оқушысының қолынан кіріп, аяғынан бір-ақ шыққан. Тамырларын өртеп жіберген соң дәрігерлер бірнеше ота жасап, амалсыз баланың бір аяғына ампутация жасаған. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, қолына қауіп әзірше қауіп жоқ, бірақ әлі де ота жасалады.

Осы оқиғадан кейін электр стансасының маңайына «қауіпті» деген тақтайша ілініп, есігіне құлып та салынған. Баланың туыстары «есігі жабық болғанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді» дейді.

Ал электр желісіне жауапты тұлғалар баланың өзін кінәлап отыр. Олар 10 жастағы бала есіктегі құлыпты өзі бұзып кірді, ал тағы бір сөзінде қоршаудан секіріп кірген дейді. Олар мекеме тарапынан ешқандай көмек берілмейтінін де айтқан.

Қазір бұл оқиғаға қатысты полиция іс қозғаған. Ал мүгедек боп қалған баланың туыстары электр желісінің басшылығынан келесі оқу маусымына дейін «ең құрығында протез аяқ салып беруін» сұрап отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!