Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.
«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
