Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Кеше Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрып, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!