Фото: kaz.inform.kz

Жанар-жағармай бекеттерінде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығының алдын-алу, алыпсатарлыққа және дизель отынына қолдан тапшылық жасауға жол бермеу, мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына тосқауыл қою мақсатында өңірде рейдтік іс-шара өтті. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлайды.

3 тәулікке жалғасқан рейд барысында 2 хаттама толтырылып, 683 020 теңгеге айыппұл салынды. 47 тонна дизель отыны тәркіленді. 

Арнайы жасақталған жұмысшы топтың құрамында юолған Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық полиция департаменті, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агентігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Түркістан облысы бойынша көлік инспекциясы, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандары бірлесе жұмыс істеді.

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақованың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жанар-жағармайдың заңсыз тасымалы қатаң бақылауға алынған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!