Түркістанда жиһаз шеберханасында болған ірі өрт салдарынан екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Өрт шыққан орында өз күштерімен сөндіру кезінде цехтың екі жұмысшысы жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінген сенбі күні хабарламада.

Өртті Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері толығымен сөндірді

«Алдын ала өрт аумағы 1150 шаршы метрді құрады. Себебі анықталуда», – деп толықтырды ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!