Фото: istockphoto.com
Астанада түрмелердің толып кетуі және шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелеріне арналған баспасөз конференциясында заңгер Надежда Далабаева түрмелердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір соттар экономикалық қылмыстары үшін сотталғандарды да мерзімінен бұрын босатудан бас тартады. Соның салдарынан, түрмелерде мүгедектер, онкологиялық науқастар және көпбалалы ата-аналар экономикалық қылмыстары үшін отыр. Бұл ретте, ҚАЖК төрағасының орынбасарының айтуынша, елдегі әрбір сотталған адамды (олардың саны 30 000-ға жуық) қамтамасыз ету үшін бюджеттен 7500 теңге кетеді. Бұл шамамен күніне 225 млн теңге. Қазір шартты түрде мерзімінен бұрын босату және қылмыстық қамауға алу туралы өтініш білдіргендердің арасында өмір бойына бас бостандығынан айыруға немесе ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған экстремистер, террористер, педофилдер жоқ», – дейді ол.
Заңгер атағандай, бұл мемлекетке, жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды өтеген немесе іс-әрекеті мүлдем зиян келтірмегендер.
«Қазір конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін президенттің араласуын сұрап жатқандардың өтініштерін қанағаттандырып, үйлеріне қайтаруға толық негіз бар», – дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!