Сотталған азаматқа әкелінген тамақтарды тексеру барысында ұялы телефон тәркіленді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы сәлемдеме әкелген. Сәлем-сауқат ішіндегі бөлке нанның ортасына жасырып, құйтырқы әрекетпен ұялы телефон мен қуаттағыш жасырып өткізбек болған. Қызылорда Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шақыртылып ұялы телефон тәркіленді.

Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді. Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігімен құжаттар сотқа дайындалып жатыр.

Рәпіш ТӨЛЕП,
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!