Біз – қазақпыз, біз – азатпыз, Тәуелсіздік күн бүгін,
Мақтан тұтам қазағымның білектейін бірлігін.
Желбірейді көк туым егемен елдің көгінде,
Еркін ашып отыр бүгін шаңырақтың түндігін.
Есін жиып алған елміз сан ғасырлық соққыдан,
Күніміз көкте, бұлтымыз ашық, мүлде жоқ күмән.
Кеңейді қарым, молайды қауқар, нықталып қадам,
Сейіліп күдік, тарқады тұтылып тұрған көк тұман.
Асқақтап әуе шарлады, Алашымның арманы,
Тұғырға қонып туымыз, қыран құсымыз самғады.
Қиял біткеннің барлығы қалықтап барып қонғанда,
Қаумалаған халық пен көмілді нұрға жан-жағы.
Кішілік кейіп танытып, ұлылық деген әлемге,
Ізгілік пенен із салды, достық ұсынып бар елге,
Қайсар қасиет дарыған, өжеттігі өр-мінез,
Өжет мінезді халық бар, осынау күллі әлемде.
Тіктедік міне, еңсені, қалсақта бұрын сүрініп,
Тәубешіл ғана халықпыз, Алланың бізге нұры-құт.
Тәуелсіздіктің бесігі тербетіп бізді жұбатты,
Қазақты қазақ ететін – қайсарлық пенен ұлылық.
Назерке БАҚЫТБЕК
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!