«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Тәулік бойы 30 наурызда облыстың батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. 30-31 наурызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, тәулік бойы 30-31 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с болуы ықтимал.
Алматы облысының батысында және шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 18-23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығында және шығысында кей уақыттарда 30 м/с асады деп болжануда.
Қарағанды облысының түнде батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстігінде соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында, батысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болжануда. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!