Фото: Ашық дереккөзден алынды

Қазіргі статистикалық мәліметтерге сай, зорлықзомбылық әр бесінші үйде бар. Жыл сайын тұрмыстағы түрлі әлімжеттіліктен, зорлық-зомбылықтан, атап айтсақ, әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан аса қылмыс тіркеледі. Оның ішінде өліммен аяқталып жатқан оқиғалар өте көп. Отбасындағы ата-ананың балаға немесе керісінше баланың ата-анаға, ерлі-зайыптылардың бір-біріне күш көрсетуі секілді оқиғаның барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жатады.

Көптеген қайғылы оқиғалармен аяқталып жатқан жағдайлар негізінде отбасындағы кішігірім ұрыс жанжалдан басталып, соңы зорлық-зомбылыққа ұласады. Сондай әрекеттерден әйелдер мен балалар жапа шегуде. Қылмыстық статистика бойынша, соңғы 4 жылда тұрмыстық әлімжеттіктен зәбір көрген әйелдердің көрсеткіші 25 пайызды құраған. Құқық қорғауоргандары соңғы он жылда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істің күрт артқанын мәлімдеді. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде отбасылық жанжал көрсеткіші 41,7 пайызға көбейген.
Отбасы ішінде зорлық-зомбылықтың әйелдерден бөлек, балаларға да әлімжеттік көрсету, ұрып-соғу факторлары тыйылмай тұр. Бұл туралы Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы біріккен зерттеулерге сәйкес, ересектердің 75 пайызы балаларды тәрбиелеу мақсатында таяқтайтыны көрсетілген. Қазақстанда әр үшінші әйел психологиялық қысымға ұшырайды, әр алтыншы әйел соққыға жығылады, әр жетінші отбасында әйел экономикалық зорлыққа тап болады. Сонымен елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жылына 80 әйел көз жұмады.
Тұрмыстағы зорлық-зомбылық тек қазақ қоғамына тән індет пе? Жалпы бұл жағдайға қалыпты құбылыс ретінде қарап, ұлттық менталитетпен ақтауға негіз бар ма? Бұл сорақылықтардан құтылу үшін қоғам қандай әрекеттер жасап жатыр? Міне, осы сұрақтар көкейде сарнап тұр. Қазақ өзі аз халық. Мұндай оқиғалар қоғамға теріс әсерін тигізуде. Болашағынан үміт күткен қанша жасқа осы мәндес оқиғаның көлеңкесі түсті. Психологиялықморальдық тұрғыдан орасан шығынға ұшыратып, тұтас буынның көзқарасын өзгерткені өтірік емес. Сондықтанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аулақ болу маңызды.


Інжу Ақылбекқызы,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің студент
і

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!