Өзімнің өмірімдегі өз қателіктерімнен түйген сабақтарым осылай болды.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева тұрмысқа шығатын қыздарға өз кеңесін айтты.

Бұл туралы ол Тик Ток желісіндегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қыз баласы өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын жөндеп алмай, ер азаматқа деген өзінің көзқарасын өзгертіп алмайынша тұрмысқа шығу үлкен қателік болады. Өйткені оның арты ажырасуға әкеліп жатады. Бұл енді өзімнің өмірімдегі өз қателіктерімнен түйген сабақтарым осылай болды», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!