Фото: Sputnik / Владимир Песня

Sputnik. Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық 1,6 мыңға жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп. Бұл туралы Ranking.kz порталы жазды.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы облысында жасалды: бір жыл бұрын 56 оқиға тіркелсе, биыл 202-ге жетіп, бір жылда 3,6 есе көбейген.

Екінші орында Алматы қаласы, бір жылда 7 есе өскен. Үшінші орында Түркістан облысы.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең аз қылмыстық құқық бұзушылық Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 39,4%-і ұрып-соғу, 8 айда осындай 628 құқық бұзушылық тіркелген.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлері:

  • денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 186 оқиға,
  • кісі өлтіру – 74,
  • зорлау – 27,
  • жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық – 27.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!