Фото: Ilovekostanay Instagram-парақшасы

Желіде Қостанайдағы оқу орталығының түскі асы тарап, тұрғындардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата-аналар Қостанайдағы оқу орталығындағы тамақтың сапасына риза емес. Тәрелкеде езіліп қалған қамыр тұр, бірақ мәзір бойынша балаларға тұшпара берілуі керек.

Пост авторы «Аэропорт» шағын ауданындағы №29 мектептегі мектеп жасына дейінгі балалардың осылай тамақтанатынын хабарлады. Желі қолданушылары мұндай тағамды балаларға беруге болмайды деп санайды.

«Вегетариан бесбармағы, өте жалқау тұшпара, шайналған тұшпара, аяқпен пішілген тұшпара» деп жазды желідегілер.

Білім бөлімі осы факті бойынша Бөкейхан атындағы мектеп комиссиясы өнімдерді тексеріп, мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру ережелерінің сақталмауы туралы акт жасағанын хабарлады.

«Мектеп басшылығы бұл заңбұзушылыққа кінәлі тұлғаларға тәртіптік шара қолданды.Сонымен қатар азық-түлік жеткізушіге тамақтандыру саласындағы заңбұзушылықтар туралы қабылдаудан бас тарту комиссиясының үш актісі болса, мектеп онымен шартты сот тәртібімен бұзатындығы ескертілді», – деп мәлімдеді Қостанай әкімдігінің білім басқармасы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!