Фото: Ақорда
Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні. Осы орайда отандастарымызға Туды қорлағандарға қандай айыппұл салынатынын еске салуды жөн көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілген болатын.
Өзгерістерде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2024 жылы 3 692 теңге) ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді.
2024 жылдан бастап 1 АЕК 3 692 теңге, демек 3 000 АЕК 11 076 000 теңге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!