Бала күндердің бейнесін,
Көрсеттің өзің қыраттан.
Алыстап кетсем сені ойлап,
Сағынып жетем жырақтан.

Құшағын ашқан қызына,
Ауылым – сенсің бақ-мекен.
Әлемнен мынау, апыр-ай,
Кім сені іздеп тапты екен?

Нәр алып әрбір гүліңнен,
Қаламын барсам марқайып.
Кеңдігін көрем қазақтың,
Төріңде жатып шалқайып.

Ақтарсақ тарих дәл мұнда,
Желмая шөкті боп бекем.
Ақсуат сен ғой жерұйық,
Асанқайғы қайда кетті екен?

Балауса Алдабергенова,

№107 орта мектептің 11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!