Партиялық тізімді аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну мен тіркеу аяқталды. Нәтижесінде өңірде мәслихат депутаттығына 379 кандидат тіркелді. Сондай-ақ, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

– Мәслихат депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, үміткерлер ресми түрде үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Айта кетейін, додаға 5 партия түсуде. Партиялық тізім бойынша депутаттыққа үміткер ретінде 379 кандидат тіркелді.

Сонымен қатар, кандидат пен оның зайыбының декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру мемлекеттік кіріс органына жолданды, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!