Фото: Рixabay
Елордада жеті жасар жеткіншек үйінде таяқ жеп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл хабарды ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook желісінде жеткізді.
Оның айтуынша, кеше тез арада балалар ауруханасына баруға мәжбүр болған.
«Қыз баланы ата-анасы ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып келген. Қазір 7 жасар қыз ем алып жатыр. Ол „үйге қайтпай-ақ қойсам бола ма?“ деп сұрады», — дейді Динара Зәкиева.
Қыздың денесіндегі жарақатты мектеп мұғалімдері байқап, тез кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторды шақырған.
Отбасында тағы 6 бала бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!