Фото: ТЖМ
Бүгін сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының «Тау-Самал» шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні түскен. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
«Оқиға орнына дереу Қазселденқорғаудың, Алматы қаласы 109 құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына келген кезде сырғыма салдарынан екі үйге зақым келгені анықталды. Оқиға орнында ТЖД басшылығы бар. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тексеру жүргізуде», – делінген хабарда.
Жағдайды талдауға сәйкес, қардың едәуір мөлшерінің түсуіне байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар екені айтылады.
Суық сумен қамту құбырының жарылуы нәтижесінде топырақ батпақтанып, кейін көлемі 3200 текше метр жылжыма түсті. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді, дейді құтқарушылар. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!