Қазақстанда үйқамақта отырған қазақстандықтар жұмыс істеп, білім ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметінше, қазір ел бойынша электронды білезік тағып, үйқамақта отырған 342 адам бар.
Олардың қандай құқықтары сақталған
Бас прокуратураның дерегіне сүйенсек, 2021 жылы электронды білезік тағып, үйқамақта отырған азаматтардың үлесі барлық сотталғандардың 2,7% тең болса, 2024 жылы 60%-ға жетті. 2024 жылдың басынан 2025 жылғы наурызға дейінгі аралықта 342 адамға электрондық білезік тағылған.
Ондай адамдар:
- Отбасымен араласа алады
- Жұмыс істей алады
- Білім ала алады;
Бас прокуратура электронды білезік түзеу мекемелерінің жүктемесін азайтып, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады деп сенеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!