Ертеде Үміт бағы деп аталатын қалада балалар әрдайым жарық жүрекпен өмір сүріпті. Олар таңды спортпен бастап, білімге уақыт бөліп, достарымен бірігіп жақсы іс жасайды екен.

Бір күні қалаға Қара тұман келіпті. Ол сыбырлап: «Саған жеңілдік пен көңіл көтеру беремін», — дейді. Бірақ оның мақсаты — балалардың арманы мен денсаулығын әлсірету, тәртіпті бұзу. Кейбір жасөспірімдер оған алданып, сабақтан қашып, зиянды әдеттерге бой алдырмақ болады.

Сол кезде балақай Нұрсұлтан Ақсақалға жолығады. Ақсақал оларға үш дән береді:

1. Денсаулық дәні — спорт пен таза өмір.

2. Білім дәні — сабаққа жауапкершілік пен оқу.

3. Тәртіп дәні — дұрыс әдет пен жауапкершілік.

Нұрсұлтан дәндерді күн сайын баптап, достарымен біргеспортқа, сабаққа көңіл бөліп, таза өмір сүреді. Оның жүрегіндегі жарық күшейіп, Қара тұман қаладан кетеді.

Содан бері Үміт бағының балаларында былай дейді: «Денсаулығымыз — байлығымыз, сабақ пен тәртіп — болашағымыз, жарқын өмір — біздің таңдауымыз».

Шәкір Альбина,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп-интернатының
7-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!