Жас дос, замандас!
Бүгінгі таңда бізге өмірімізді жақсартуға, деніміз сау, рухымыз биік болуға барлық мүмкіндік жасалған. Ата-анамыз біз үшін еңбек етіп, жарқын болашағымызды қамтамасыз етуге тырысады. Олар бізге сенім артып, қолдау көрсетеді. Ұстаздарымыз білімімізді тереңдетіп, ақылымызды толықтыру үшін тынымсыз еңбек етуде. Мұның бәрі бізді жарқын болашаққа дайындау үшін жасалуда.
Бірақ, өкінішке орай, кейбір жастар тура жолдан тайып, жаман әдеттерге бой алдырып жатады. Синтетикалық есірткі өмірді алдамшы бақытпен бояса да, түбі қайғылы жағдайларға әкеледі. Есірткі – өмірді құрдымға жіберетін жол. Бұл тек өзімізге ғана емес, ата-анамызға, бауырларымызға және ұстаздарымызға ауыртпалық түсіреді.
Әрқайсымыздың қолымызда технология, білім мен танымға ашық есік тұр. Оны дұрыс пайдаланып, өзімізді дамытуға бағыттайық! Интернетте ұзақ уақыт бос өткізіп, зиянды ақпараттың жетегінде кетпеуіміз керек. Білім алып, жаңашылдыққа ұмтылу арқылы ғана біз өзімізге, жақындарымызға және қоғамға пайда әкелеміз.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Оны сақтап, құрметтеу – әрбіріміздің міндетіміз. Таза ауада серуендеп, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану арқылы біз өз болашағымызды жарқын ете аламыз.
Аяулы жас дос! Есірткіге жолама, алдамшы сезім етегінде кетіп, өз өміріңді улама! Жақындарыңның сенімін ақтап, өзіңді биік мақсаттарға жетелейтін жолды таңда. Есірткіге қарсы күресу – әрқайсымыздың міндетіміз. Жарқын болашаққа қадам басайық!
Нұрлан Нұрай М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Қызылорда қаласы #есірткігеқарсы #противнаркотиков
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!