Қазіргі күнде ата-ана міндеті ерекше көзге түсіп отыр. Себебі ата-ана тәрбиесін көрген бала әр кез өз болашағын ойлап, ол жақта өмір сүріп, келешекке қадам басады. Міне осы себептен балалар қазіргі таңда әр түрлі жолдар іздеп, алға ұмтылуда. Бірақтан, арамызда арам пиғылды адамдар жетерлік. Олардың есілдерті есірткіде. Иә, бәрі емес алайда ондай адамдар бары рас. Есірткі естен танытар у екені бәріне мәлім. Әрбір үшінші жасөспірім есірткіге қатысты қауіппен бетпе-бет келеді. Ал бұл тек статистика емес, бұл – біздің арамыздағы достарымыздың, сыныптастарымыздың тағдыры. Бірақ осы қиындықтың шешімі бар – ол спорт! Есірткі өмірді тек бір-ақ бағытта өзгертеді – құрдымға! Бірақ бізде оны болдырмаудың жолы бар: спорт!Спорт сенің денеңді ғана емес, жаныңды да шыңдайды. Әр соққан доп, әр ұмтылған қадам сені жеңіске жетелейді. Спорт – тек күш емес, ол есірткіге “жоқ” деп айтудың да сенімді құралы.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сүйенсек, спортпен айналысатын жастар арасында есірткіге тәуелділік 70%-ға төмен. Бұл сенің де таңдауың болуы мүмкін.Мен барлық замандастарымды спорт арқылы өз өмірін жарқын етуге шақырамын! Есірткіге қарсы болу – әрқайсымыздың борышымыз!Егер біз бір-бірімізге қолдау көрсетсек, біз есірткісіз қоғам құра аламыз. Ендеше, доп теп, жүгіру жолына шық, алға ұмтыл – өйткені сенің болашағың тек өз қолыңда! “Есірткіге қарсы болу – бұл ұран емес, бұл өмірді қорғау. Спорт – біздің денсаулығымыздың, арманымыздың және болашағымыздың қалқаны. Жастар, мен сендерді өзіңе сенуге және есірткіге “жоқ” деп айтуға шақырамын! Біз есірткісіз қоғамды бірге құра аламыз!”
Құрметті менің досым! Мен сіздерді есірткісіз әлем құруға шақырамын! Есірткісіз әлемді бірге құрайық. Әлем біздің қолымызда екенін естен шығармайық жас ұрпақ. Есірткісіз әлемде, болады көзге ерекше. Жастар соны ұғынса, түзелер үлкен кішіде. Мен өмірді қалаймын! Есірткісіз, зорлаусыз!
Хакім Айзере Айдосқызы А. Хангелдин атындағы №179 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылы. #есірткігеқарсы #противнаркотиков
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!