Үндістанның Одиша штатында жүк пойызы жолаушылар пойызымен соқтығысып, оның сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hindustan Times арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Апат 2 маусым жергілікті уақыт бойынша 19:20 шамасында (Астана уақыты бойынша 19:50) Баханага Базар станциясының жанында болды. Пойыз Калькутта маңындағы Шалимар станциясынан Ченнайға бара жатқан.
Салдарынан 207 адам мерт болды, 900 адам зардап шекті.
Апат болған жерге бірнеше апаттық-құтқару пойыздары, 50 жедел жәрдем көлігі және бірнеше өрт сөндіру есептері жіберілді. Құтқару жұмыстары жалғасуда, барлаушы иттер адамдарды іздеуге шықты.
Байланыс жолдары министрі тергеу жүргізуге бұйрық берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!