Сурет: pexels
Ұялы байланыс тарифтері жиі өзгереді. Соңғы 3 жылда баға 60%-ға, ал бір жылда 12%-ға өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл – Ұлттық статистика бюросының дерегі. Бұқара бағаға сапа сай емес деп шағымданды.
Ұялы байланыс тарифтері жыл басталғалы 6 пайызға өскен. Ал соңғы 1 жылда 12%-ға қымбаттапты. Қазір ең арзан тариф 5 мың тг-ден кем емес. Бұқара сапалы интернет жоқ дейді. Бағасына сай емес деп отыр.
Цифрлық даму министрлігінің дерегінше, елімізде интернет сапасы әлдеқайда жақсарып келеді. Десе де, биыл министрлік ұялы байланыс операторларына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 миллиард 288 миллион теңге айыппұл салды, деп жазады qazaqstan.tv.
Бюджетке «заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып» барлығы 1 млрд 644 млн теңге төленді. Ал, құнын қадағалауға бойынша ведомвто қауқарсыз, құзыры шектеулі. Өйткені, монополистер компания шығынына орай бағаны өздері белгілейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!