Фото: Pixabay
Жапониялық кәсіпкер өзге адамдарды тәулігіне 30 минут ұйықтауға үйрететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
2012 жылы 40 жастағы Дайсукэ Хори күн тәртібін өзгертіп, сол уақыттан бері тек 30 минут ұйықтайды екен. Осылайша ол денесі мен миын аз ұйықтаса да, толыққанды қызмет етуге үйретіп, өнімділігін арттырған.
«Егер спортпен шұғылданып немесе тамақтанар алдында бір сағат бұрын кофе ішсеңіз, ұйқыны жеңе аласыз», – дейді Хори.
Сөзінше, дұрыс зейін қою үшін ұзақ ұйқы емес, сапалы ұйқы керек. Сондықтан ол дәрігер, өрт сөндіруші секілді жылдам әрекет етуді қажет ететін маман иелеріне аз ұйықтауға кеңес береді.
Хоридің мәлімдемесін тексеру үшін Yomiuri TV арнасының түсірілім тобы «Менімен барасың ба?» атты реалити-шоу аясында кәсіпкерді бақылауға алған. Нәтижесінде Хори тек 26 минут ұйықтап, тамақтанып, жұмысқа кетіп қалған.
2016 жылы Хри қысқа ұйқы бойынша Жапония бірлестігін құрып, 2100 студентті үйретіп үлгерген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!