​ҚАЖД-нің №60 мекемесінде  облыстық Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында «Құрбан айт» меркесіне орай ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар өткізілді.

Атап айтқанда жазасын өтеушілер асық ату, ләңгі тебу және арқан тарту бойынша  өзара сайысты. Аталған жарысқа 13 жазасын өтеушілер  қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Ұлттық ойындардан сайыстар өтті

Шара соңында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы жазасын өтеушілерді «Құрбан айт» мерекесімен құттықтап, аталған шараға ат салысқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Өз сөзінде А.Өскенбаев: «Спорт – денсаулық кепілі. Әрбір азамат спортпен айналысып өз денсаулықтарын күтуі қажет. Осы орайда бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға мекеме басшылығы атынан алғысымды айтамын. Алдағы уақытта осындай ауқымды шаралар ұйымдастырылады, деп сенеміз», – деді.

Спорттық шара жазасын өтеушілер арасында тартысты да қызықты өтті.

Сонымен қатар жазасын өтеушілер де өз тараптарынан ризашылықтарын білдірді.

​Шара соңында жеңіске жеткен жазасын өтеушілер арнайы сыйлықтармен  және дипломдармен марапатталды.

Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару
жүйесі департаментінің №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!