Алматының Бостандық ауданына қарасты Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. Курсант өз-өзіне қол жұмсаған.
«2023 жылдың 30 сәуірінде ҚР ҰҚК Академиясының жатақханасында 3 курс курсантының мәйіті табылды. Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”,- деді ведомство.
ҰҚК қайтыс болған курсанттың отбасына қолдау көрсетіп жатқанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!