Фото: ашық дереккөзден
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеп, Facebook желісінде жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Зәкиева Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделегенін жазған.
«Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала – 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар.
Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды. Денелері көгерген, әрі тыртыққа толы, жүп-жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген», – делінген жазбада.
Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде «оқиды». Органдар оқу орындарын тексерсе, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырған екен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!