Фортификациялау дегеніміз – ұнды витаминдер және микроэлементтермен байыту, ұнтақтау процесінде витаминдер мен минералдарды ұнға қосу процесі, бұл өнімнің жоғары сапасы мен тағамдық құндылығына күшейтеді.
Қазір репродуктивті жастағы әйелдер мен 14 жасқа дейінгі балаларда анемияны тудыратын дәрумендер мен минералдардың, соның ішінде темір және фолий қышқылының жетіспеушілігі жиі кездеседі. Мұның себебі: монотонды тамақтану, тамақты сақтау, индустриялық өңдеу кезіндегі микроэлементтердің жоғалуы. Осыған байланысты мемлекет ұнның пайдалы қасиеттерін байыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Микроэлементтердің жетіспеушілігі мәселесін шешудің ең оңтайлы тәсілдерінің бірі – тағамды дәрумендермен байыту. Азық-түлік өнімдері Қазақстан нарығында үлкен ассортиментте негізінен жаппай тұтынуға ұсынылған. Оларға қосылған дәрумендердің құрамы осы заттар адам ағзасының күнделікті қажеттілігінің 30-50% қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасы аумағында сатуға арналған жоғары және бірінші сұрып бидай ұны міндетті түрде байытуға (фортификациялауға) ұшырайды.
Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жоғары және бірінші сұрып бидай ұны темір және витаминдермен міндетті түрде байытылады. Біздің еліміз үшін ұн қазақ тамақтану академиясының арнайы жасалған дәрумендер және микроэлементтерімен байытылады. Премиксте темірден басқа фолий қышқылы, мырыш және В тобының дәрумендері бар. Темір және фолий қышқылы бізді және туысқандарымызды анемиядан, ана өлімі және туа біткен деформациядан, инфаркт пен инсульттен қорғауға көмектеседі.
Фортификацияланған ұн және ол ұннан пісірілген тағамдар артық шығынсыз халықтың денсаулығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Ұнды дәрумендер мен микроэлементтермен байыту олардың тапшылығы туралы ескертеді, қалыпты физикалық және психикалық жұмыс қабілеттілігі сақталуына ықпал етіп, халықтың ауруы мен өлімін азайтады.
Ұн немесе ұн өнімдерін таңдағанда, оның сұрыпы мен сапасына ғана емес, сонымен бірге, адам денсаулығына қажетті дәрумендер мен минералды кешендермен нығайтылғандығына да назар аудару керек. Өйткені ұн сатып алғанда адамдардың көбі оның пайдалы қасиеттері туралы ойламайды.
Халықтың денсаулығын нығайту үшін тамаққа фортификацияланған ұнды қолдануды ұсынамыз.
Асем ОМАРОВА,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!