Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымды құрып, қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетсек, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!