5 қаңтарда Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі жұлынып кеткен. Ұшақ Портленд әуежайына оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Oregonian порталына сілтеме жасап хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан жолаушылар орындығының жанындағы саңылауды көруге болады.
Фюзеляждың есігі бар бөлігі ұшып шыққан соң шамамен 20 минуттан кейін жұлынып кетті, дейді жолаушылардың бірі басылымға. Есікке жақын жерде ешкім болмаған. Тек көрші орында жасөспірім отырған. Ауа ағыны салдарынан оның көйлегі жыртылып кеткен. Сонымен қатар декомпрессия салдарынан жарақат алған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!