«Amanat» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалы өңірлердегі тарихи мұраларды қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Вандализмге жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды. Аталған акция қала орталығында орналасқан «Қаламгерлер аллеясында» өтті.
Іс-шараның жалпы мақсаты – мәдени-тарихи ескерткіштерді тазалау, қоғамдық орындардағы мүліктерді қорғау және бұзақылардың қиратып, бүлдіру ошақтарын түзеу, тазарту болып табылады.
Аталған акция барысында жастар қанатының белсенділері «Қаламгерлер аллеясындағы» отырғыш орындықтардағы жазылған жазуларды өшіріп, ескерткіштер мен қала көркіне қойылған мүсіндерді тазалады. Саябақтағы демалушыларға арнайы «ВАНДАЛИЗМГЕ ҚАРСЫМЫЗ!» үнпарақтарын таратты.
Бұдан бөлек, белсенді жастар қала тұрғындарының вандализм туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында арнайы үнпарақтар таратып, бұзақылық әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды түсіндірді.
Құрметті, Қала тұрғындары мен қонақтары облыстық«Жастар Рухы» Жастар қанаты Сіздерді өңірімізді таза ұстауға шақырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!