Фото: depositphotos.com

Оралда вейп сатқандарға қатысты бірінші қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде вейп сатушының жарнамасын тауып алған. Вейпті сату бойынша сотқа дейінгі тергеу 23 маусымда басталды.

«Оларды сату әлеуметтік желілерде жарнама орналастыру арқылы жүргізілген, төлем банк қосымшасы арқылы қабылданды», – деп түсіндірді қадағалау органы.

Қала прокуратурасы бұрын осындай тауарларды сатумен айналысқан кәсіпкерлерді өз бизнесін қайта бағдарлауға және заңды бұзбауға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!