Алматыда сауда орталықтарының бірінде адамдардың көптеп келуіне байланысты штаттан тыс жағдай орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Жеңілдікке үмітті адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік тудырған.

«Адам көп болғаны сонша – олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді», – делінген бейнероликте.

Жағдай туралы Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алматы қаласының полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған.  Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!