Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Республика бойынша бірыңғай уақыт белдеуін енгізу бойынша пікір алмасу мәжілісі өтті.

Мәжілісте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директоры Б. Қарсақбаев, Қызылорда облысының қоғамдық кеңес, Атамекен ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, ӨКП Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Б. Нұрхожаев біріңғай уақыт белдеуінің өзгерістері мен тиімділігі туралы талдамалық ақпараттар ұсынды.

2024 жылғы 5 қаңтарда «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізілді, қаулы 2024 жылғы 19 қаңтарда қабылданды және жарияланды.

Өзгерістерге сәйкес,2024 жылғы 1 наурыздасағат 00:00-ден бастапелдің бүкіл аумағындабірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

Халықаралық тәжірибеде әлемнің 175 елінде біріңғай уақыт белдеуі қолданылса, 22 мемлекет бірнеше уақыт белдеуінде екен.

Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Мәжіліс соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдық кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдер және жастар ұйымдары біріңғай уақыт белдеуін белгілеу еліміздің әр өңірінің тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жойып, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартып, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына оң әсерін тигізетінінатап өтті.

Брифинг соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!