Фото: depositphotos.com

Павлодардағы мектептердің бірінде екінші сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp әлеуметтік желісінде бейнеқоңырау арқылы мектеп жиналысын өткізген. Сол жиналыста балағат сөз айтқан ата-анаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, оның бұл ісіне қатысты материал сотта қаралған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы мектептердің бірінің екінші сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp әлеуметтік желісінде бейнеқоңырау арқылы мектеп жиналысын өткізген.  

«Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналардың бірі оның бұл тәртібін ұнатпай, арыз жазған», – дейді Ақсу қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов. 

Ұсақ бұзақылық фактісі – қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!