“Баспанада болуға шақырамын, жаңа шабуылдар болуы мүмкін», – деді Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский елге 85 зымыранмен шабуыл жасалғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды. Баспанада болуға шақырамын, жаңа шабуылдар болуы мүмкін», – деді ел президенті.

Бұған дейін Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылғанын, Киевте екі тұрғын үйге зымыран соққысы жасалғанын жазған едік.

Киевтің сол және оң жағалауында тұратын тұрғындар жарылыс дыбыстары естілгені туралы хабарлаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!