Ведомство өкілдері егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын атап өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу үшін елден кеткен қазақстандықтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҰҚК мәлімдеді.

«Украинадағы соғыс қимылдары аясында халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, жекелеген қазақстандық азаматтардың қарулы қақтығысқа қатысу үшін шетелге кетуі мүмкін екені жоққа шығарылмайды. ҰҚК органдары оларды табу, олар туралы қажетті ақпаратты алу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді қауіпсіздік комитеті.

Ведомство өкілдері егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысқаны үшін мемлекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» және 172 бабы «Жалдамалы» баптарына сәйкес бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!