Фото: kolesa.kz
«Жасыл Даму» АҚ мәліметі бойынша 2022-2023 жылдары жиналған утиль алымның жалпы сомасы 447,3 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KazInform-ға сілтеме жасап.
Оның ішінде көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін 426,49 млрд теңге төленді, бұл жалпы утильалымның 95%. Қалған 20,8 млрд теңге — тауарлар мен қаптама үшін алынған төлем. Сондай-ақ, төлемдердің жартысына жуығы көлік құралдарын импорттаушылардан түскен (201,86 млрд теңге).
Автомобиль нарығын мониторингілеу және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарянның атап өтуінше, жиналған утильалым сомасы (426,49 млрд теңге) 2022 және 2023 жылды толық қамтымайды. Аталған сома өндірілген және импортталған техниканың санына, сондай-ақ ставкалардың мөлшеріне тікелей байланысты.
Сонымен қатар, 2022 жылы утильалымды қабылдау мен әкімшілендіруде үзіліс болды, бұл бір жылдағы қорытынды көрсеткіштерге әсер етті.
«Өндірушілер импорттаушылармен бірге утильалымды толық көлемде төлейді. Содан кейін ынталандыру ережелері бойынша енгізілген сомалар техника өндірушілерінің қарсы міндеттемелерін сақтау орнына қайтарылады. Тиісінше, утильалым сомасы Қазақстанда шығарылған техниканың бағасына енгізілмейді. Осылайша, импорттық техникадан бағалық артықшылық қамтамасыз етіледі және ел ішінде өндірісті дамыту үшін жағдайлар жасалады», – деп түсіндірді сарапшы.
Сондай-ақ, маман жиналған утильалым сомасы бірнеше экологиялық бағыттар бойынша жұмсалатындығына байланысты экологиялық жағдайды жақсарту мүмкіндіктерінің спектрі ставканың мөлшеріне байланысты екенін мәлім етті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!