Жалпыұлттық наурызнама онкүндігі бойынша «Қайырымдылық» күні. Осы орайда қалалық «Зағиптар қоғамы» клубында тағылымды шара өтті.

Шара барысында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ата-әжелер ансамблі қайырымдылық концертін ұсынып, қоғам мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, игілікті іске үн қосқан «Орда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Роллан Бименов зағиптар қоғамының 30 отбасына азық-түлік себеттерін табыстады.

Іс-шара Наурыз мерекесінің басты құндылықтары – мейірім, ізгілік пен жанашырлықты насихаттауға арналды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!