Ел тәуелсіздігінің нығаюы мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде білім мен біліктіліктің рөлі орасан. Осы орайда, Қазақстанның жетекші қарашаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері еліміздің әр қиырында, соның ішінде киелі Сыр топырағында аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық келбетін қалыптастыруда ҚазҰУ-дың экономика және басқару мектебінен түлеп ұшқан мамандардың қолтаңбасы айқын сезіледі.

Қызылорда облысы – аграрлы-индустриялық аймақ ретінде стратегиялық маңызы жоғары өңір. Мұндағы өндірістік қуатты арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру ісінде ҚазҰУ түлектері алдыңғы шепте. Университет қабырғасында алған терең теориялық білімге негізделген парасаттылық Сыр мамандарының кәсіби ұстанымына айналған.

Облыс экономикасының драй-вері саналатын мұнай-газ секторы, күріш кластері, шағын және орта бизнесті дамыту салаларында ҚазҰУ-дың Экономика және биз-нес жоғары мектебінің түлектері табысты қызмет етуде. Олардың басқарушылық шешімдері аймақтың ішкі жалпы өнімін арт тыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға тікелей ықпал етуде.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында, аудандық және қалалық әкімдіктерде ҚазҰУ-да менеджмент және мемлекеттік басқару мамандығын тәмамдаған жас буын мен тәжірибелі кадрлар шоғыры қалыптасқан. Олардың жұмыс стиліне тән қасиеттер ҚазҰУ-дың экономика және басқару мектебінен түлеп ұшқан мамандардың қолтаңбасы айқын сезіледі.

Қазіргі құбылмалы жаһандық экономика кезеңінде Қызылорда облысына креативті ойлайтын, стратегиялық шешім қабылдай алатын менеджерлер ауадай қажет. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алтын ұясынан ұшқан әрбір экономист пен басқарушы – Сыр елінің ертеңіне қосылған сенімді инвестиция.

Асқар СМАҒҰЛОВ,
э.ғ.к., доцент.
Өмірбек БЕКАРЫС,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
4-курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!