Фото: depositphotos.com

«Заманымыздың қаһарманы» деген ұғым әр кезеңде әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін.

Бұл ұғым белгілі бір уақыттың, қоғамның және мәдениеттің құндылықтары мен идеалдарына сәйкес келетін тұлғаны сипаттайды. Заманымыздың қаһарманы – бұл әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосатын, қоғамның дамуына ықпал ететін, өз іс- әрекетімен үлгі болатын адам.

Заман қаһарманының басты ерекшелігі – оның қоғамға тигізетін оң әсері және адамдарға үлгі бола білуі. Олар қай істе де батылдық пен табандылық көрсетеді. Өз ісіне адал және мақсатшыл келеді. Жаңа идеялар мен шешімдерді іздейді және енгізеді. Қоғамның дамуында жән жақсаруында маңызды рөл атқарады. Әрекеттерімен өзгелерді шабыттандырады.

Қаһарман болу – бұл тек жетістіктерге жету ғана емес, сонымен қатар қоғамға қызмет ету, өзгелерге үлгі болу және болашаққа оң өзгерістер әкелу.

Аружан МҰРАТҚЫЗЫ,
И.Құтпанұлы атындағы ЖББОМ
11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!