«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру және кез-келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын орнату мақсатында Қызылорда қаласының Сол жағалауында орналасқан «Жастар орталығында» «Заң мен тәртіп» идеологиясын түсіндіруге арналған кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті, Әділет департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Адвокаттар алқасының адвокаты, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдердің арасында жиі орын алатын бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлық және қарсы жасалатын қол сұғылмаушылық тақырыптары бойынша ақпарат берілді.

Полиция Департаменті және «Сыр Медиа» ЖШС бірлесіп дайындаған «Темір тордағы жас ғұмыр» атты бейнежазба көрсетіліп, жастар мен жасөспірімдерге қылмыс пен құқық бұзушылықтан бойларын алыс ұстауға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар сала мамандарына сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!