Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған «Заң үстемдігі – жарқын болашақ кепілі» облыстық сурет байқауы қорытындыланды.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өткізілген сайыстың басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға заңды құрметтеу, қадірлеу керектігін түсіндіру.  Байқауға 25-тен астам оқушы қатысып,  «Заң үстемдігі-ел тұрақтылығы», «Сақ болыңыз,алаяқ!»,  «Құмар ойын құрдымға әкеледі» тақырыптарында суреттер салды.  Нәтижесінде бірінші орынды 13 жастағы Нұрбахыт Жұмағазы иеленсе , екінші орын 11 жастағы Айару Бейсенбейға бұйырды.  Ал үшінші орын Кәусар Бахытжан мен Роксона Русланқызы өзара бөлісті. Департамент өкілдері  барша қатысушыларға шараға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, жүлдегерлерді диплом және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

«Заң мен Тәртіп» қоғамда әділеттілік пен теңдікті қалыптастырады.  Ал мұндай шаралар бүлдіршіндер арасында қаржылық сауаттылық негізін қалап, заң бұзушылықтың алдын алады.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі
Қызылорда облысы бойынша ЭТТД
Баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!