Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары көрсетеді. Ал «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметті коммерциялық үйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты көрсетеді.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның Төрелік палатасының, Республикалық Заң консультанттары алқасының, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдікткрінің атауын өзектендіруді (түзетуді) Министрлік жүзеге асырады. Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың және олардың филиалдар мен өкілдіктердің, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің атауын өзектендіру (түзетуді) Мемлекеттік корпорациясының филиалдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет веб-порталы арқылы қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тегін мемлекеттік қызмет алады. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды берген кезде: өтініш, жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты, растайтын құжат (құрылтай құжаттары, заңды тұлғаның уәкілетті органаның шешімін) табыстайды. Құжаттарды «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген кезде: ЭЦК куәландырылған өтініш, электрондық растайтын құжат (құрылтай құжаттары, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі), жеке басты куәландыру және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
С.Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы басшысының м.а
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!