Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас оқырманның бұрынғы әйелі Жібекке қатысы қойған сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желідегі оқырманның бірі: “Жібекті сүйесіз бе? Татуласқыңыз келе ме?” деп сұрақ қойды. Бұрынғы әйеліне қатысты сұраққа соңғы рет жауап беретінін айтқан Заңғар бұл тақырыпты көтермеуді сұрады.

“Бұл сұрақты жауып тастайықшы. Бір той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс”, – деп жазды Заңғар Нұртас.

Айтуынша, “Заңғар Жібекті тастап кетті” деп ойлайтындар көп. Алайда кіші Айдарбеков мұны жоққа шығарды.

“Осы күнге дейін қатты бататыны “Неге қыздың обалына, көз жасына қалдың?” деген әңгіме. Ешкім ешкімді тастап, қалдырып кеткен жоқ. Өзара сондай шешім қабылдадық. Осылай болғаны маған да, оған да жақсы”, – дейді Заңғар Нұртас.

Бұған дейін Нұртас Айдарбеков кіші ұлына әйел алуды ұсынған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!